Петропавлда Арал теңізінің тартылу мәселесіне қатысты жиын өтті. Шараны қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ерекше акция ұйымдастырылды. Бұл жолы интерактивті ойындар мен тазалық шаралары өткен жоқ. Бүгін Арал теңізінің тартылу мәселесі сөз болды.

Жиында студенттерге экологиялық апаттың салдары әрі онымен күресу жолдары баяндалды. Себебі, өңіріміз өзен-көлге бай. Мұндай оқиға қайталанбасына ешкім кепіл емес.

«Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында қоршаған ортаға деген мәдениетті қалыптастыру. Егер жас буын табиғатқа ерекше құрметпен қарайтын болса, елімізде экологиялық апаттар азаяды. Сол себепті, осы сынды іс-шараларды жиі ұйымдастыру керек. Бұл еліміздің әсем келбеті мен тазалығын сақтауға септігін тигізеді», — деді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.

Айта кетейік, Арал теңізінің тартылуы 1960 жылдары басталды. Қуанышымызға орай, қазір экожүйені қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгіндегі жетістік – теңіздің солтүстік бөлігінде судың артуы.

Тағы оқыңыз: Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *