«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыста «Халық заңгері акциясы өтті. Басты мақсат — құқықтық көмектің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аталған акцияға прокурорлармен бірлесіп облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдардың, полиция мен әділет органдарының өкілдері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары мен адвокаттар қатысты. Акция форматы азаматтарға бір мезетте бірнеше бейінді мамандардан қажетті түсіндірмелер алуға мүмкіндік берді. Екі сағатқа созылған шара барысында 535 адамға кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілді.

Мәселен, Қызылжар ауданының тұрғыны қоныс аударушылар бағдарламасы аясында тұрғын үй мен жәрдемақы алу мәселесін көтерді. 2025 жылы ол отбасымен Түркістан облысынан Қызылжар ауданына қоныс аударған. Мамандар тұрғын үй мәселесі бойынша түсіндірме беріліп, мәселе шешімін тапты.

Тағы бір жағдайда, Шал ақын ауданының зейнеткер тұрғыны прокурорларға жеке сот орындаушысының атқарушылық санкция төлеуді талап еткен әрекеттеріне қатысты шағымданды. Тексеру барысында атқарушылық санкцияны өндіріп алу шараларының негізсіз екені анықталып, прокурор сол жерде аталған шешімнің күшін жою бойынша шаралар қабылдады.

Сондай-ақ, акция барысында Айыртау ауданының өзі жалғыз тұратын зейнеткері аумақты тазалау және қоршау орнату туралы өтінішпен шағымданған. Бұл мәселе бірден әкімдіктің бақылауына алынып, «Ахмиров» ЖК-нің қолдауымен аула аумағынан қоқыс шығару бойынша көмек ұйымдастырылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған этнофестиваль өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *