Ақан сері атындағы облыстық филармонияда 61-ші маусымның жабылуына арналған концерт өтті. Салтанатты шара өте жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы – өңір мәдениетінің алтын діңгегі. 1965 жылы құрылған бұл өнер ордасы 61 жыл бойы тыңдарманды қуантып келеді. Биылғы маусымның, бүгінгі шараның маңызы зор. Шымылдық жабылар кешке сахна саңлақтары тыңғылықты дайындалыпты.

Кеш барысында филармонияның шығармашылық ұжымдары мен солистері сахна төрінде ерекше шоу ұсынып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Эстрадалық және симфониялық оркестр, би ұжымдары, камералық және Ермек Серкебаев атындағы студенттік хордың қатысуымен дайындалған концерттік бағдарлама классика мен заманауи музыканы үйлестірген ерекше форматымен есте қалды. Кештің әсерлі сәттерінің бірі — «Қыз Жібек» операсынан ұсынылған үзінді болса, көрермен ықыласына бөленген ерекше нөмірлердің бірі ALEM-нің «Күйім» әнінің симфониялық нұсқасы болды. Туындыны өңіріміздің талантты әншісі, бірнеше республикалық байқаулардың лауреаты Бүркіт Жанай Ермек Серкебаев атындағы студенттік хор мен симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындады.

Хор үні мен оркестрдің әуезді үйлесімі заманауи әнге жаңа тыныс беріп, көрерменге ерекше эмоция сыйлады.
Музыка, жанды дауыс және симфониялық дыбыстың үйлесімі кештің басты атмосферасына айналды.

Тағы оқыңыз: «Қызылжар» ФК соңғы минутта жеңісті жұлып алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *