Кеше футболдан ел чемпионатының 12-тур ойындары өтті. Оның аясында жергілікті «Қызылжар» ФК өз алаңында талдықорғандық «Жетісуден» басым түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бірінші тайм алаң иелерінің басымдығымен өтті. Жергілікті футболшылар қарсылас қақпасына шабуылды қарша боратты. Нәтижесінде кот-д”ивуарлық шабуылшы Етьен Бугре есепті ашты.
Екінші тайм ойын өте тартысты өтті. 70-минутта сербиялық жартылай қорғаушы Дамьян Кражсник есепті еселеді. Бар қызық осы голдан кейін басталды. Қонақтар екі минуттың ішінде қырандардың қақпасына екі гол соқты. Есеп — 2-2.
Бірақ, теріскейліктер мойымады. Соңғы минуттарда шабуылға лап қойды. Бұл өз нәтижесін бермей қоймады. Етьен Бугре соңғы минутта гол соғып, «Қызылжар» ФК жеңіске жетті.
«Қызылжар» ФК чемпионатта бес ойын қатарынан жеңіске жете алмай келді. Ордабасы, Оқжетпес, Астана, Алтай командаларына жол беріп, өткен турда Ақтөбемен тең түсті. Қазіргі таңда қырандар турнирлік кестеде 15 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.
Басқа да жаңалықтармен бөліссек, «match.kz_» порталының хабарлауынша «Қызылжар» футбол клубына ФИФА тарапынан трансферлік шектеу қойылған. Бұл дегеніміз қырандар жаңа ойыншыларды ала алмайды.
Ал жағымды жаңалыққа келсек, шабуылшы қазіргі таңда Етьен Бугре чемпионатты үздік дриблері. Ойыншы қарсыластарын 33 рет қапы қалдырған.
Айта кету керек, «Қызылжар» ФК келесі ойынын сырт алаңда қостанайлық «Тобылға» қарсы өткізеді. Матч 13-маусым күні сағат 16:00-де басталады.
Тағы оқыңыз: ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары Еуразия экономикалық форумы аясындағы көрмені тамашалады

