СҚО-да «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы бастау алды. Игі бастама жастарға арналған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыста «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы бастау алды. Шара аясында құқық қорғау органдарының өкілдері мен еріктілер жастармен кездеседі. Бір ай бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, есірткінің зияны туралы түсіндіреді. Сонымен қатар, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

СҚО-да «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы басталды
СҚО-да «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы басталды

«Жыл басынан бері облыста 120 есірткі қылмысы анықталды. Оның 35 пайызы есірткі сатуға қатысты. Заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі тәркіленді. Оның 8 келісі – синтетикалық ұнтақ. Қазіргі таңда жастардың оңай ақша табу мақсатында есірткі саудасына араласуы алаңдатады. Алайда мұндай әрекет үшін қатаң жаза қарастырылған. Есірткі таратумен айналысқан адам кемі 10 жылға сотталады», — деді СҚО прокуроры аға көмекшісі Максим Доровик.

Шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Ұл-қыздср ашық аспан астында би биледі, жаттығу жасады. Содан соң құқық қорғау органдарының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Мектеп жасынан бастап оқушыларға есірткінің зияны туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Осындай шаралар жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға көмектеседі», — деді «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ консультанты Байжан Әбдіров.

Алдағы күндері акция аясында жаппай жүгіру жарысы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, халық көп жиналатын орындарда ақпараттық парақшалар таратылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға жұмыс сапарымен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *