Алдағы 2026-2027-ші оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінген. Оның ең көбі инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына тиесілі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

Биыл бакалавриатқа – 75 371,  магистратураға – 11 007, докторантураға – 3 079грант бөлініпті.  Мемлекеттік тапсырысты бөлу ел экономикасының 2030 жылға дейінгі қажеттілік болжамымен сәйкестендірілген.

«Гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына, 21%-ы педагог кадрларды даярлауға бағытталған», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Ведомство мәліметінше, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 19 250; педагогикалық ғылымдарға – 13 738; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 11 662; жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға – 9 363; ауыл шаруашылығы және биоресурстарға – 3 145; денсаулық сақтау саласына – 2 700; қызметтер бойынша – 2 400; өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 1 915; әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бойынша – 1 485; бизнес, басқару және құқыққа – 1 423; ветеринарияға – 1 275 грант бөлінген.

Оған қосымша еліміздің жоғары оқу орындары «Серпін» бағдарламасы аясында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Іс-шаралармен 13 мыңнан астам оқушы, 2 мыңға жуық ата-ана және 700-ден астам кәсіптік бағдар беруші қамтылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сотталғандарға «Абайдың қара сөздері» спектаклі көрсетілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *