СҚО-да «Ән салдырған ауылым» жобасы жүріп жатыр. Оның аясында ұлттық өнерді насихаттап жүрген өнерпаздар ауыл-ауылды аралап, концерт қоюда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл — өңірге танымал дәстүрлі әнші Біржан Есжанның авторлық жобасы. Оның аясында ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүрген өнерпаздар ауыл жұртымен кездесіп жүр. Әсіресе, облыс орталығынан шалғай орналасқан елді мекендер ерекше назар аударылған.

Біржан Есжан бастаған топ ауылдарға кешкітұрым уақытта барады. Бұл тұрғындардың емін-еркін отыруына мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар байырғы кезді еске алып, ауыл тұрғындарымен бірге оттың басында ән айтып, әңгіме-дүкен құрады. Басты мақсат — ауыл халқының көңіл-күйін көтеру, ұлттық өнерді насихаттау.

«Шыны керек, қазіргі таңда облыста қаңырап бос болған, тұрғындары аз ауылдар көп. Ауылдан көшіп кетіп, қайиа келуге намыстанып жүрген жандар да жетерлік. Басты мақсатымыз ауылдық ағайынның көңілін көтеру, байырғы дәстүрлерді қайта жаңғырту. Шара барысында Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Ақан сері бабаларысыздың өлеңдерін шырқаймыз», — деді жоба авторы Біржан Есжан.

Өнерпаздар осы күнге дейін төрт ауылда болған. Алдағы демалыс күндері Мамлют ауданына бармақ. Біржан Есжан облыстағы барлық қазақ ауылын аралауды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Қақпашының ерлігі! «Қызылжар» ФК сырт алаңда фавориттен ұпай алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *