Петропавлда 2027 жылы инклюзивті спорт орталығы бой көтереді. Бүгін нысанның алғашқы кірпіші қаланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда инклюзивті спорт орталығының алғашқы кірпіші қаланды. Нысан «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен бой көтермек. Кешеннің аумағы 3 жарым мың шаршы метрден асады және ол ерекше жандардың қажеттілігіне бейімделеді.

СҚО-да инклюзивті спорт орталығының алғашқы кірпіші қаланды
СҚО-да инклюзивті спорт орталығының алғашқы кірпіші қаланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет әр азамат үшін тең мүмкіндік жасау қажеттігін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға, бұқаралық спортты дамытуға және инклюзивті қоғам қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керектігін бірнеше рет атап өткен болатын. Құрметті жерлестер, сіздерді осы құрылыстың басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық және спортшыларымызға жарқын жеңістер тілеймін!», — дедң СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов.

Болашақ орталық ішінде әмбебап спорт және жекпе-жек залдары, пауэрлифтинг аймағы, үстел ойындары бөлмесі мен бассейн сияқты 6 функционалдық алаң болады. Заманауи кешен бір ауысымда 75 жаттығушы мен 100-ге жуық көрермен сыйдыруға қауқарлы. Ауқымды жобаның құрылысы 2027 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында аяқталады деп жоспарлануда.

Жалпы, өңірімізде 24 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұрса, соның 10 мыңнан астамы спортқа бейім. Алайда облыста осы уақытқа дейін оларға арналған мұндай арнайы орталық болмаған

Тағы оқыңыз: Табиғатты аялау — ортақ міндет: Уәлиханов ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *