СҚО-да бруцеллезге қатысты эпидемиологиялық ахуал алаңдатып отыр. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының сөзінше, жыл басынан бері өңірде қауіпті инфекцияны үш адам жұқтырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media

Жыл басынан бері өңірде үш адам бруцеллез инфекциясын жұқтырған. Оның екеуі – Шал ақын ауданының тұрғындары. Айта кету керек, аталған ауру малдан жұғады. Алғашқы белгілері шамамен бір айдан кейін байқала бастайды. Адам әлсіреп, тәбеті төмендеп, қатты терлейді. Кейін денсаулығы сыр беріп, буындары ауырады.

«Шал ақын ауданында әкелі-балалы ересек адамдар мал бағып жүріп, бруцеллез жұқтырған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің жіті бақылауында.
Петропавл қаласы тұрғынының бруцеллезді неден жұқтырғаны белгісіз. Себебі, ол көпқабатты баспанада тұрады, мал ұстамайды», — деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Толқын Қаженова.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 60-қа жуық мал бруцеллезбен ауырған. Талапқа сай, ауру малдың көзі жойылды. Қора-қопсы толық дезинфекциядан өтті.

Тағы оқыңыз: Облыста «Алтын белгіге» 176 түлек үміткер

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *