Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақ беру тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жаңа өзгерістер әскери және арнаулы оқу орындарында жоғары білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі бөлімде оқыған курсанттарға қатысты. Енді Қазақстандағы немесе шетелдегі әскери оқу орнын үздік аяқтаған түлектерге бірден «аға лейтенант» әскери атағы беріледі.

Бұған дейін оқуын тәмамдаған курсанттарға бастапқы офицерлік атақ берілетін. Ал жаңа норма үздік түлектерді ынталандыруға бағытталған.

Сонымен қатар, мұндай түлектерге қызмет орнын өз қалауы бойынша таңдау құқығы беріледі. Яғни олар оқуын жақсы нәтижемен аяқтаса, қай жерде қызмет ететінін таңдауға мүмкіндік алады.

Бұл өзгерістер Мемлекет басшысы қол қойған заңды іске асыру аясында енгізіліп отыр. Осыған байланысты Президенттің 2006 жылғы 25 мамырдағы әскери қызмет өткеру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлық жобасы дайындалды.

Тағы оқыңыз: Жүргізуші куәлігіндегі «автомат» шектеуі алынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *