Сауда үйлері, дүкендер мен түрлі мекмелердің сыртындағы жарнама баннерлерінде, халыққа ұсынылатын ақпарат міндетті түрде қазақ тілінде мәтін болуы тиіс. Осы мақсатта облыста «Сауатты көрнекі ақпарат — біздің ортақ ісіміз» акциясы бастау алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыста «Сауатты көрнекі ақпарат – біздің ортақ ісіміз» акциясы өтіп жатыр. Оның аясында тіл жанашырлары Петропавл қаласы мен өңірдің бірқатар аудандарындағы кәсіпкерлік нысандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Іс-шараның  мақсаты – кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын түсіндіру. Маңдайша жазуларды, жарнамаларды, прейскуранттар мен өзге де көрнекі ақпараттарды орналастыруда заң талаптарын сақтауға әдістемелік көмек көрсету.

Егер кемшіліктер анықталған жағдайда алдымен кәсіпкерге ескерту беріледі. Қателіктер дұрысталмаса, 5 және 25 АЕК аралығында айыппұл салынады. Қазақ тілінің мәртебесін жоғары қоятын жандар мен еріктілер бірнеше нысанды аралады. Қателіктер жетіп артылады. Көбінесе асханалардағы ас мәзірлері тек орыс тілінде жазылған.

«Акция сәуір айында басталды. Бір айдың ішінде Петропавл қаласындағы 70-тен астам нысанда болдық. Оның жартысына жуығында кемшіліктер анықталды. Барлығы – 350-ден астам нысанды аралауды жоспарлап отырмыз. Петропавл қаласымен ғана шектеліп қалмай, облыс аудандарына да шығамыз», — Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы СҚОФ төрағасы Жанат Мұхамеджанов.

Жалпы жоба барысында 350-ден астам кәсіпкерлік объекті қамтылмақ. 1000 дана ақпараттық буклет таратылады. Акцияға еріктілер тартылып отыр. Олар арнайы брендтік киіммен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, жоба аясында кәсіби фото және бейнетүсірілім ұйымдастырылып, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жарияланымдар жасалмақ. 

СҚО-да қазақ тілінің жанашырлары «Сауатты көрнекі ақпарат – біздің ортақ ісіміз» аты акциясын бастады
СҚО-да қазақ тілінің жанашырлары «Сауатты көрнекі ақпарат – біздің ортақ ісіміз» аты акциясын бастады

Тіл жанашырлары сәуір айында Пушкин, Мағжан Жұмабаев, Қазақстан Конституциясы және Қожаберген Сүтішев көшелерінде  орналасқан 72 нысанға барыпты. Оларда түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілген. 

СҚО-да қазақ тілінің жанашырлары «Сауатты көрнекі ақпарат – біздің ортақ ісіміз» аты акциясын бастады
СҚО-да қазақ тілінің жанашырлары «Сауатты көрнекі ақпарат – біздің ортақ ісіміз» аты акциясын бастады

Тағы оқыңыз: Петропавлда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *