Петропавлда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Айтулы мереке аясында өңірдің мәдениет саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар мамандар мен ардагерлер жоғары деңгейде ұлықталды, деп жазады Qazaqstan Media.

Салтанатты кештің шымылдығы «Теріскей» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өнерімен ашылып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында ерен еңбегімен көзге түскен мәдениет майталмандарына бірнеше санат бойынша ресми марапаттар табыс етілді. Қала әкімінің Алғыс хаттарымен кітапханашылар, шығармашылық ұжым жетекшілері, дизайнерлер мен техникалық сала мамандары марапатталды.

Петропавлда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды
Петропавлда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Өмірін өнермен өрнектеп, айтыс әлемінде өз орнын таба білген жерлес айтыскер ақын Жұмабек Рахимов та қала басшысының алғыс хатын алды. Жастайынан қара домбыраны серік етіп, әскери салада еңбек етсе де өңір намысын үлкен аламанда қорғап жүрген жерлесіміз, төл мерекеде еңбегінің еленгеніне риза.

Петропавлда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды
Петропавлда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

«Атақ, даңқ, дүние деген-бәрі өтпелі ғой. Өзіңнің өнеріңді халық бағалап, маңдай теріңді төгіп еткен еңбегіңді бағалап жатса, бахыт деген сол. Біз үшін маңыздысы көрерменнің көңілінен шығу. Өнер , мәдениет саласы қателікті кешірмейді. Халықтың көңілін суытып алсаң, қайта баурап алу қиын. Сондықтан, әр алған алғыс, мадақтама маңызды»-дейді айтыскер ақын.

Мереке аясында Солтүстік Қазақстан облысының ардагерлер хорының көпжылдық, белсенді жетекшісі Иван  Мищенконы зейнет демалысына шығарып салу рәсімі де өтті. 40 жылдан астам тарихы бар ұжымды басқарған. Өңірдің хор өнерін жаңа деңгейге көтерген маманға қала басшылығы мен әріптестері атынан ерекше  сый-сияпат жасалды.

Петропавлда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды
Петропавлда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Салтанатты жиын өңірге белгілі шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. 

«Біз әр мерекеде қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерт қойып, көңілдерін көтереміз. Өнерімізді көрсетеміз. Енді бүгінгі төл мерекеде біз сахнада емес, көрермен ретінде тамашалап отырмыз. Бұл біз үшін жақсы демалыс, тамаша сый. Әр өнер, мәдениет адамын бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Өзім өнер саласында 20 жылдай еңбек етіп келемін. Қиындығы мен қызығы көп. Әр еңбектің бір жемісі болады. Бүгін сол жемісті көріп отырмыз»,-дейді қалалық мәдениет үйінің маманы, «Самғау» тобының жетекшісі Ерден Қожаметов.

Петропавлда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды
Петропавлда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Тағы оқыңыз: Елімізде мұрагерлік туралы нормативтік қаулы қабылданды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *