Петропавлдағы Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде Александр Викторенко атындағы диплом және алғыс хатты табыстау рәсімі өтті. Шараға ғарышты бағындырған отандасымыз Айдын Айымбетов қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Александр Викторенко атындағы диплом мен алғыс хатты табыстау рәсіміне ғарышкер Айдын Айымбетов арнайы келген. Халық қаһарманы марапат иелерін құттықтап, білім ордасына қатысты жылы лебізін білдірді.

«Бүгін осындай маңызды әрі тағылымы мол шараға қатысып отырғаныма қуаныштымын. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Оқу орнының «құрылыс колледжі» деп аталуының өзінде үлкен мән бар. Бұл — құру, жасау, болашақты қалыптастыру деген сөз. Ендеше, бәріміз бірлесе отырып, еліміздің дамуына үлес қосып, жарқын келешек жолында еңбек ете берейік», — ғарышкер, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов.

Кеңес Одағының Батыры, облыстың құрметті азаматы Александр Викторенко атындағы диплом мен алғыс хат үздік және белсенді оқытушыларға, студенттерге және әлеуметтік серіктестерге табысталды. Александр Викторенко мен Айдын Айымбетов сынды тұлғалардың жолын қуатын жаңа буын қалыптастыру — басты міндет. Алдағы уақытта облыста жас ұрпақтың ғылым мен ғарыш саласына қызығушылығын арттыруға арналған бірнеше жоба жүзеге асырылады.

Тағы оқыңыз: Астанадан Петропавлға есірткі жеткізіп жүрген жігіт ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *