Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Отбасы күніне орай арнайы шеберлік алаңы ұйымдастырылды. Шарада ата-аналарға баламен қалай байланыс орнату керектігі айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жиынның өтуіне облыстық «Психологиялық қолдау орталығы» мұрындық болды. Шараға студенттердің ата-аналары арнайы шақырылды. Айта кетейік, жалпы екі жылдың ішінде орталық мамандары үщ мыңнан астам ата-ана мен ұстазға осы сынды шеберлік сабақтарын өткізген.
«Біз іс-шара барысында ұстаздар мен ата-аналарға жас балалармен байланыс орнатуды үйретеміз. Көп жағдайда ұл-қыздар ұстаздары түгілі ата-аналарына ашыла бермейді. Арада ұрыс-жанжал да орын алады. Статистикаға зер салсақ, өңірде өзіне қол жұмсағысы келген жастардың басым көпшілігі — ата-аналарымен, заңды өкілдерімен кикілжіңге түскендер. Біздің орталыққа биылдың өзінде 16 бала хабарласып, психологиялық көмекке мұқтаж екендерін жеткізді», — деді облыстық психологиялық қолдау орталығының директоры Наталья Качалкина.
Тағы оқыңыз: СҚО-да «Тұрғындар аманаты»жобасы аясында облыстық форум өтті

