СҚО-да интернет-алаяқтарға алданғандардың басым бөлігі - қарттар
СҚО-да жыл басынан 200-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Қуларға алданғандардың жартысына жуығы — қарттар, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қала еріктілері мен құқы қорғау органдарының өкілдері зейнеткерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тақырып — интернет-алаяқтық. Себебі, қулар аға буын өкілдерінің ақшасын жымқырғанды ұнатады екен. Аңқау елге арамза молда! Қариялар жеке мәліметтері мен банк картасының деректерін беріп қойып, ақшасынан айырылып жатады.
СҚО-да интернет-алаяқтарға алданғандардың басым бөлігі — қарттар
«Өңірде төрт айдың ішінде интернет-алаяқтықтың 214 дерегі тіркелді. Қазіргі ең қауіпті схема – коммуналдық қызмет немесе емхана қызметкері болып хабарласып, 1414 нөміріне келген төрт таңбалы кодты сұрау. Бұл код «Egov» жүйесіндегі жеке кабинетке кіруге мүмкіндік береді. Сондықтан бейнеқоңырау арқылы форма киген адамды көрсеңіз де, ешқандай құпия кодты бөгде адамға айтпау қажет», — деді СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Милена Балацкая.
Аңқау елге арамза молда! Қариялар жеке мәліметтері мен банк картасының деректерін беріп қойып, ақшасынан айырылып жатады. Сондықтан осы сияқты түсіндірме шараларын ұйымдастырған аса маңызды.
СҚО-да интернет-алаяқтарға алданғандардың басым бөлігі — қарттар
«Шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып отыр. Мақсат – жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды алаяқтардың құрбаны болудан қорғау. Киберқылмыспен күрес басқармасы мен жастар ресурстық орталығының мамандары үш мобильді топ құрды. Жарты күн ішінде 20-ға жуық үйді аралап, тұрғындармен кездестік», — деді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.