Қазіргі таңда облыста жаңа Ата заңды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін жаңа құжатпен жан-жақты таныс мамандар медициналық колледж студенттерімңе кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қалалық мәслихат депутаты Сәлімхан Сәбитов Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесті. Ол оқу орнының ұл-қыздарына жаңа Конституция жобасы жайлы түсіндірді. Маңызды құжаттың еліміздің дамуына жол бастайтынын атап өтті.

Жаңа Ата заңда қоғамдағы бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім құндылықтары да ерекше атап өтілген. Дәл осы құндылықтар еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалыптастырады. Мәдениет, білім, ғылым мен инновацияны дамыту, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарау да елдің жаңғыру жолындағы басты басымдықтар ретінде көрініс тапқан», — деді қалалық мәслихат депутаты Сәлімхан Сәбитов.

Жастар жаңа Ата заңды білуі тиіс. Бұл еліміздің дамуына оң әсерін тигізеді. Сәлімхан Сәбитов алдағы уақытта басқа оқу орындарын араламақ.

«Референдумға қатыспасам да Ата заңмен таныстым. Өзіме ұнады. Алдағы уақытта жаңа құжатты оқып шығатын боламын», — деді Ж. Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенті Дарын Өмірбеков.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның Уәлиханов ауданындағы ауыл мектебі білім беру инновациясының алаңына айналды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *