Қазіргі таңда ата-ана мен оқушы және мұғалім арасында түсініспеушіліутер көп орын алып жатады. Оның алдын алу мақсатында кәсіби медиаторлар ұстаздарға арналған семинар өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда «Медиация негіздері: теория және практика» тақырыбында семинап өтті. Шараға аймақтың түкпір-түкпірінен ұстаздар шақыртылды. Оларға кәсіби медиаторлар бар білгендерін үйретті.

Петропавлда білім беру саласына медиацияны енгізу мәселесі талқыланды
Петропавлда білім беру саласына медиацияны енгізу мәселесі талқыланды

«Қазіргі таңда ата-ана мен оқушы және мұғалім арасында түсініспеушіліктер көп орын алып жатады. Оның алдын алу қажет. Мұндай шараны осымен үшінші рет өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта жалғасын табады. Басты мақсат — мектептегі жайсыз жайттардың алдын алу», — деді СҚО ҚХА медиация кеңесінің төрайымы Гүлбақша Мұсабаева.

Қазіргі таңда медиаторлар бұрында даулы мәселерді шешкен билердің орнын алмастырып отыр. Ұстаздар кәсіби мамандардан тәлім алса, мектептегі құқықбұзушылықтардың саны азаяр еді. Биыл облыста 15 оқушы оқу орнында қысым көрдім деп полицияға шағымданған. Айта кету керек, қазіргі таңда облыста 30-дан астам кәсіби медиатор бар.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында 500 көшет отырғызылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *