Уәлиханов аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашасы Жанаргүл Мүшелбайқызының еңбек өтілі 22 жылдан асады. Бүгін редакция тілшісі маманның жұмысына шолу жасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың қызығушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына, сонымен қатар, қажетті тақырыптарын тауып беруге, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген көзқарасын ояту кітапханашының тікелей міндеті. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан мамандардың еңбегі ұшан-теңіз.

Уәлиханов аудандық
орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 15 мыңнан астам кітап бар. Оны көзінің қарашығындай сақтау үлес қосып жүргеннен жанның бірі — Жанаргүл Мүшелбайқызы. Еңбек өтілі 22 жылдан асып жығылады. Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар мересіне орай білікті маман «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісіне ие болды.
«Кез келген адам кітапханашы бола алмайды. Білімі терең, жауапкершілігі мол адам ғана бұл салада еңбек ете алады. Қазіргі таңда оқырмандардың саны артып келе жатыр. Өз басым осыған қуанамын», — деді кітапханашы.
Жанаргүл Мүшелбайқызының сөзінше, қазіргі танда аудандық кітапханаға цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект жүйелі түрде енгізіліп келеді.
«Заман игілігін пайдаға жарату қажет. Ол арқылы оқырман жастардың санын арттыруға болады», — дейді нәзікжанды.
«Кем дегенде әр кітапты бағдарламаларға енгізу керек деп ойлаймын. Мүмкін сонда оқырмандардың саны артар. Шыны керек, қазіргі таңда кітапханаға жастардан гөрі аға буын өкілдері көп келеді. Айта кету керек, біздің бес мыңға жуық тұрақты оқырманымыз бар.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда әскерден қашқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады

