Қазақстанда көктемгі әскерге шақырудан жалтарғандарды әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік күтіп тұр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасап.
Сенат отырысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков көктемгі шақыру жоспарын айтты. Сонымен қатар, шақырту қағаздарын елемейтіндерді жаза күтім тұрғаны жайлы ескертті. Айта кету керек, биыл 21 мыңнан астам адамды әскерге шақыру жоспарланып отыр.
«Оның ішінде 11 мыңнан астамы Қарулы күштерге, қалғандары басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға жіберіледі. Шақырту SMS арқылы, eGov арқылы келеді – оны тексеруге болады», – деді Мұстабеков.
Асқар Мұстабековтың сөзінше, әскерден жалтарғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мұндай жағдайлар қазірдің өзінде тіркеліп жатыр. Бірақ, вице-министр оның нақты санын айта алмады. Себебі, деректер күн сайын өзгеріп отырады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда соңғы 15 жылда 2500 шақырым жаңа магистральдық жолдар салынды

