Қазіргі таңда облыста су тасқынының бірінші толқыны өтіп жатыр. Петропавл қаласына ең көп су 19-20 сәуір күні келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Кіші өзендерде судың ең жоғары деңгейі 2-3 сәуірде байқалды. Бүгінгі таңда су деңгейінің тұрақты төмендеуі байқалады.
Бірінші толқынның ең жоғары деңгейі Новоникольское ауылында өтіп жатыр. Петропавл қаласының маңына тілсіз жау 19-20 сәуірге қарай келеді деп күтілуде.

СҚО-дағы су тасқыны жағдайы
СҚО-дағы су тасқыны жағдайы

«Сергеев су қоймасында 7 сәуірде су тасқынының бірінші толқынының шарықтау шегі 922 см деңгейінде тіркелді. Ернеуінен асу деңгейі 122 см-ді құрады. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 70 см-ге төмен. Бірақ, кеше Петропавлды айналып өту жолын су басты», — деді «Қазгидромет» РМК СҚОФ директорының орынбасары Наталья Левина.

Облыста 112 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр. Ауылдарда жеті мыңға жуық адам тұрады. Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында елді мекендерден бір млн 486 мың текше метр қар шығарылды. 300-ден астам арық тазалынды.

«2223 адам мен 1428 техникадан тұратын жедел топ жасақтадық. 549 мың құм толтырылған қап дайындадық. Сонымен қатар, 300-ге жуық уақытша тұрақ әзірледік», — деді СҚО ТЖД бөлім бастығы Әсет Шайкин.

Тағы оқыңыз: ТМД бойынша іздеуде жүрген 13 қылмыскер Солтүстік Қазақстанда табылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *