СҚО-да өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азамат марапатталды. Оларға Мемлекет басшысының атынан жоғары деңгейлі наградалар табысталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мемлекет басшысының атынан бірқатар солтүстікқазақстандыққа жоғары деңгейлі наградалар табысталды. Құрметке бөленген жандардың бәрі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жандар. Сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға да көмектесіп жүр.

«Бұл жетістіктер елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси жаңғырулар аясында айрықша маңызға ие. Осындай еңбекқор, жауапкершілігі жоғары азаматтардың арқасында еліміздің тұрақты дамуы қамтамасыз етіліп, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы бастамалар өз нәтижесін береді деп сенемін»,- деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Құрметке бөленгендердің қатарында «Дайындық Агро» серіктестігінің директоры Біржан Шаймерденов бар. Оған III дәрежелі «Барыс» ордені табысталды. Ел ағасы өңірдің дамуына қосып жүрген үлесі өлшеусіз.

Ол жыл сайын мол өнім алып, өңірдің аграрлы саласының өркендеуіне көмектесіп жүр. Ауылдың тыныс-тіршілігіне де бейжай қарамайды. Тұрғындарға үй береді, елді мекенге бірнеше әлеуметтік нысан салады.

Еңбек еленген күн! СҚО-да бірқатар азамат мемлекеттік наградаға ие болды
Еңбек еленген күн! СҚО-да бірқатар азамат мемлекеттік наградаға ие болды

«Еңбегімнің бағаланып жатқанына алғысым шексіз. Елімнің дамуы үшін әрі қарай да еңбек ете беремін», — деп қысқа қайырды Біржан Шаймерденов.

Тағы оқыңыз: 15 сәуір – ұлттық ғашықтар күні: Қозы мен Баян неге махаббат символына айналды?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *