Петропавлда полицейлер құрамында спирті бар өнімнің ірі партиясын өткізуді тоқтатты. Алкоголь бес литрлік пластик бөтелкелерде серіктестік аумағындағы жалға алынған контейнерде сақталған. Алкогольдерде тұтынушылардың қауіпсіздігін растайтын ешқандай құжат болмаған.

Тәртіп сақшылары барлығы 656 бөтелкені тәркіледі. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 3280 литрді құрады. Құрамында спирті бар сұйықтық сараптамаға жіберілді. Заңсыз өнімнің 35 жастағы иесіне қатысты әкімшілік материалдар жиналуда.

«Бұл — жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында тәркіленген заңсыз алкогольдің ең ірі партиясы. Үш ай ішінде полицейлер 2243 литр алкоголь өнімінің заңсыз айналымының жолын кесті», — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *