Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың шамамен 93%-ы интернетке қосылған. Ал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 87%-ы цифрлық технологияларды қолданады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-да цифрлық технология саласына ерекше көңіл бөлінуде. Ауылдардың шамамен 93 пайызы интернет бар екен. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 87 пайызы цифрлық технологияларды қолданады.Аудандарда жастарға арналған IT-хабтар ашылуда. Негізгі мақсат өзгеріссіз – цифрландырудың тек статистика деңгейінде қалып қоймай, адамдардың өмірін нақты жақсартуы.

«Өңірде 5G желісі жұмыс істейді. Сонымен қатар, 11 креативті IT-орталық ашылды. 46 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған, барлық мектептер цифрлық платформаларға қосылған», — деп мәлімдеді цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Азамат Байтеміров.

Облыста агроөнеркәсіп кешені де белсенді түрде цифрландырылуда. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 87 пайызы өнімділікті мониторингтеу мен мал шаруашылығындағы цифрлық бақылауды қоса алғанда, заманауи шешімдерді қолданады.

Өңірге жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева бірқатар әлсіз тұстарды да атап өтті. Кейбір шағын ауылдарда әлі де тұрақты интернет жоқ, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі біркелкі емес. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен денсаулық сақтау салаларында «ақылды» технологияларды енгізуді жеделдету қажет.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Ресейден әкелетін көліктерге утильалым өседі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *