Қозыбаев университетінде «Ұлытаудың ұлдары – ұлтым деген» атты республикалық студенттер айтысы өтті. Дәстүрлі жыр додасы көрнекті ғалым, академик Манаш Қозыбаевтың 95 жылдығына және белгілі айтыс ақыны, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналды, деп жазады Qazaqstan Media. 

Өнер сайысына еліміздің әр өңірінен жас айтыскерлер жиналды. Атап айтқанда, Көкшетау, Павлодар, Семей, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Түркістан және Астана қалаларынан келген студенттер сахнада сөз сайысты. Олар елдік мұрат, рухани құндылықтар, қоғамдағы өзекті мәселелерді көркем тілмен өрнектеп жеткізді. Көрермендер де жас ақындардың өнерін ыстық ықыласпен қабылдады.

Айтыстың қазылар алқасын ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман бастады.

Жас ақындар Қозыбаев университетінде сөз сайыстырды
Жас ақындар Қозыбаев университетінде сөз сайыстырды

Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлде алматылық Зарина Пердебайға бұйырды.
І орынды Сыр өңірінің өкілі Елдар Әмірхан иеленді. ІІ орынды көкшетаулық Аякөз Мұханқызы, ІІІ орынды павлодарлық Рамазан Дәуренбек алды.

Сонымен қатар арнайы марапаттар да табысталды. М. Жұмабаев атындағы жүлде СҚО өкілі Диас Аяғанға, ал Ерік Асқаров атындағы жүлде түркістандық Сауытбек Мағжанға берілді.

Айтыстың басты мақсаты – жастар арасында қазақтың сөз өнерін дәріптеу. Ұлттық мәдениетті насихаттау және рухани мұраны сақтап, кейінгі буынға жеткізу.

Жас ақындар Қозыбаев университетінде сөз сайыстырды
Жас ақындар Қозыбаев университетінде сөз сайыстырды

Шара барысында Жүрсін Ерман Қозыбаев университетінің Манаш Қозыбаев атындағы медалімен марапатталды. 

Тағы оқыңыз: Қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жастармен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *