Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимское ауылында апта басынан бері тазалық шаралары өтіп жатыр. Жергілікті әкімдік қызметкерлері «Таза ауыл» челленджін де ұйымдастырды. 2-сәуір күні аудан орталығын тазалауға бюджеттік және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері шықты, деп жазады Qazaqstan Media.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Новоишим ауылдық округінде сенбіліктер жалғасуда. Бейсенбі күні ауылды тазалауға шамамен 200 адам қатысты. Олар Абылай хан көшесінің бойын тазалады. Сенбілік басталар алдында Новоишим ауылдық округінің әкімі Әділжан Букпин жиналғандарға жемісті жұмыс тіледі.

«Біз орталық көшеде жыл сайын “КазАвтоЖол” ЖШС және “ДЭУ-66”-мен бірлесіп сенбілік өткіземіз. Бүгін емханадан бастап Бәйтерек шағын ауданына дейін тазалаймыз. Екінші топ емханадан шығып, «Караван» кафесіне дейінгі аумақты жинайды», – деді Новоишим ауылдық округінің әкімі Әділжан Букпин.

Новоишим тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі болды. Ауа райы да ашық аспан астында еңбек етуге қолайлы. Қатысушылар туған ауылдың әрқашан таза әрі көрікті болғанын қалайды. Аумақты тазалауға Отбасын қолдау орталығының директоры Айгүл Доржыбаева да атсалысты.

Ғ.Мүсірепов ауданындағы Новоишимское ауылында тазалық шарасы өтті
Ғ.Мүсірепов ауданындағы Новоишимское ауылында тазалық шарасы өтті

«Бүгін біз сенбілікке қатысып, “Таза Қазақстан” акциясын қолдап отырмыз. Әрқайсымыз туған жерімізді көркейтуге үлес қосуымыз керек деп ойлаймын. Қыстан кейін көшеде қоқыс көп болады. Ауылдастарды тазалық сақтауға және абаттандыруға шақырғым келеді», – деді ол.

Бір сенбіліктің нәтижесінде қатысушылар көше бойындағы қоқысты жинап, жол жиектерін және іргелес аумақтарды тазалап, қоқысты шығарып, қоғамдық орындарды ретке келтірді.

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданында «Таза бейсенбі» ауқымды акциясы аясын да көшелер жаңартылуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *