Солтүстік Қазақстан облысындағы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында Қазақстанда жол-құрылыс техникасын құрастыратын алғашқы өндірісі іске қосылды.  Жобаны «Машина жасау зауыты КАЗТЕХМАШ» жүзеге асыруда, деп жазады Qazaqstan Media.

Жоба бірлескен өндіріс форматында жүзеге асырылып отыр. Оған 2023 жылдан бері «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының резиденті болып табылатын «Машина жасау зауыты КАЗТЕХМАШ» қатысуда.

«Машина жасау зауыты КАЗТЕХМАШ» ЖШС мен әлемдік деңгейдегі Guangxi LiuGong Machinery Co., Ltd. компаниясы стратегиялық әріптестікті ресми түрде бекітті. Соның нәтижесінде зауыт базасында жол-құрылыс және арнайы техниканы құрастыру басталды.

Қазіргі уақытта кәсіпорында экскаватор-жүк тиегіш, кез келген күрделі міндетке арналған алдыңғы тиегіш, 5 тонналық жүк тиегіш, сондай-ақ салмағы 17 және 23 тонна болатын шынжыр табанды бульдозерлер құрастырылып жатыр.

Мамандардың айтуынша, мұндай өндірістің іске қосылуы өңір өнеркәсібін дамытуға серпін береді. Сонымен қатар бұл жоба арнайы экономикалық аймақ үшін де маңызды. Өйткені ол жаңа инвестиция тартуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға және өндірістік кооперацияны нығайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа өндіріс алаңы Солтүстік Қазақстан облысының машина жасау саласындағы әлеуетін арттырып, отандық нарыққа заманауи жол-құрылыс техникасын ұсынуға жол ашады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі таралуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *