«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 15-бабы 19-тармағының негізінде, жылу энергиясын өндіру бойынша көрсетілетін қызметке тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына жеткізеді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің 2026 жылғы 30 наурыздағы №15-ОД бұйрығымен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ үшін жылу энергиясын өндіру бойынша қызметке тарифтер бекітілді және қолданысқа енгізілді:
- 2026 жылғы 1 мамырдан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсан бойынша – 7347,79 теңге/Гкал ҚҚС есебінсіз;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсан бойынша – 7762,89 теңге/Гкал ҚҚС есебінсіз;
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсан бойынша – 8124,88 теңге/Гкал ҚҚС есебінсіз;
- 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсан бойынша – 8515,23 теңге/Гкал ҚҚС есебінсіз;
- 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 2030 жылғы 31 желтоқсан бойынша – 8910,96 теңге/Гкал ҚҚС есебінсіз».
