Ауруханаға ауыр хәлде жас қыз жеткізілді. Оның денесі қалтырап, басы айналып, қорқыныш сезімі күшейген. Пациенттің айтуынша, ол көшеден тауып алған темекіні шеккен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жағдайы нашар пациентке дәрігерлер бірден көмек көрсетті. Кезекші терапевт пен реаниматолог науқасты қарап, жағдайын бағалап, шұғыл ем бастаған. Уақыт оздырмай, пациент жансақтау бөліміне жатқызылды.

Дәрігерлер есірткіге мас болу және сырттан түскен улы заттардың әсерінен улану диагнозын қойды. Сондай-ақ науқаста орташа дәрежедегі темір тапшылығы анемиясы анықталған.

Қыз бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болды. Одан кейін тағы төрт күн терапия бөлімшесінде ем қабылдады. Қазір пациенттің жағдайы тұрақтанды. Ол үйіне қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.

Дәрігерлер бұл жағдайдың баршаға сабақ болуы керектігін айтады. Белгісіз немесе тыйым салынған заттарды қолдану өте қауіпті. Тіпті бір рет қолданудың өзі ауыр улануға, жүрек пен тыныс алу жұмысының бұзылуына, үрей мен естен тануға, тіпті өмірге қауіп төндіретін жағдайға әкелуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *