«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» СҚО бойынша филиалында ашық есік күні шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары мамандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шара аясында оқушылар орталықтың қызметімен жан-жақты танысып, заманауи зертханаларды аралады. Мамандар оларға жол-құрылыс материалдарының сапасын анықтау үдерісін тәжірибе жүзінде көрсетті. Сондай ақ, қолданылатын озық сынақ әдістерін таныстырды. Жасөспірімдер жол сапасын бақылау — автожолдардың қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ететінін түсінді

Филиал директоры Қанат Өсербаев кездесудің теориялық бөлімінде жол саласы мамандықтарының бүгінгі ахуалы мен болашағына тоқталды. Оның айтуынша,

«Қазақстанда бұл бағыттағы жұмысшыларға сұраныс жоғары. Ел аумағының ауқымдылығын және автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы шамамен 185 мың шақырымды құрайтынын ескерсек, жол инфрақұрылымын дамыту – стратегиялық маңызы бар басым бағыттардың бірі», — деді филиал директоры Қанат Өсербаев.

Кездесу барысында білім алу мүмкіндіктері де кеңінен таныстырылды. Оқушыларға жол саласы бойынша кадр даярлайтын жоғары оқу орындары мен мемлекеттік білім гранттары туралы нақты ақпарат берілді. Атап айтқанда, «Көлік құрылысы» және «Көлік құрылғылары» білім беру бағдарламалары бойынша жыл сайын жүздеген грант бөлінеді. Бұл бағытқа түсу үшін шекті балды – 50, бейіндік пәндер – математика мен физика.

СҚО-да оқушылар жол саласы мамандарының жұмысымен танысты
СҚО-да оқушылар жол саласы мамандарының жұмысымен танысты

Сонымен қатар, жолшы мамандығының сұранысқа ие әрі болашағы зор екені ерекше атап өтілді. Қазіргі таңда салада білікті мамандар тапшылығы байқалады. Ал түлектер тұрақты жұмыспен қамтылып, бәсекеге қабілетті жалақыға (орта есеппен 500–700 мың теңге) және елімізде ғана емес, шетелде де мансаптық өсу мүмкіндігіне ие бола алады.

Тағы оқыңыз: Қоқысты тастап, сыйлық алыңыз!

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *