Наурызнама онкүндігі аясында бүгін — Тазару күні. Осыған орай Петропавлда ерекше акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қоқысты тапсырып, сыйлық алыңыз! Петропавлда ерекше акция ұйымдастырылды. Қала тұрғындарды қатты қалбырларды тапсырды, оларға түрлі сыйлықтар табысталды. Тазалық шарасын қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандары ұйымдастырды.

Қоқысты тастап, сыйлық алыңыз!
Қоқысты тастап, сыйлық алыңыз!

«Тұрғындарымыз белсенді. Қала тазалығына бейжай қарамайды. Бас көшеде серуендер жүрген жандардың барлығы игі шараға қатысып жатыр. Халық қоқысты тастамай, кәдеге жаратуға болатынын ұғыну қажет», — деді орталық маманы Мұса Әубакіров.

Орталық мамандары қоқысты «Радуга» кәсіпорнына тапсырады. Өндіріс орнының мамандары қалдықтарды өңдейді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ауқымды сенбілік өтіп, жүздеген аула мен арық қардан тазартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *