СҚО-да волейбол, футбол, хоккей қарқынды дамып келеді. Халықтың да аталған спорт түрлеріне қызығушылығы жоғары. Редакция тілшілері командалардың қаншалықты жергілікті спортшыларға сенетінін зерттеп көрді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өңірдегі ең танымал спорт түрі ол — футбол. Қазіргі таңда облыс намысын қорғап жүрген «Қызылжар» футбол клубының негізгі құрамында 26 футболшы ойнайды. Оның жетеуі — солтүстікқазақстандық. Аттарын атасақ, Тимур Мульдинов, Мирас Жеңіс, Артем Черединов, Глеб Валгушев, Глеб Логиновский, Вадим Петров, Александр Соколенко.

Ал «Қуаныш» әйелдер волейбол клубында 14 волейболшы бар. Оның екеуі — жергілікті ойыншылар. Олар: Полина Уфимцева мен Сәбира Бекішева.

Ал ел чемпионатының жартылай финалына шыққан «Құлагер» ХК-да төрт солтүстікқазақстандық өнер көрсетеді. Барлығы 29 хоккейші бар. Бірақ, команда былтыр өзінің академиясын ашқан болатын. Осының нәтижесінде негізгі құрамға ойнайтын жергілікті спортшылардың саны артады деп сенеміз.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда көлік салығы азаяды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *