Сенбі күні ел аумағында жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады. Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы 2024 жылы Президенттің бастамасымен қолға алынған еді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

14 наурыз, наурызнаманың алғашқы күні — Амал мерекесі, яғни Көрісу күні. Қыстан қысылмай, аман-есен шыққан адамдар бір-бірімен қауышып, жылы лебізін білдіреді. Ал 15-і — мейірімділік пен ізгілік насихатталатын қайырымдылық күні. Бұл күні мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсету игі дәстүр.

16 наурыз – отбасы құндылықтары насихатталатын Шаңырақ күні. 17 наурыз – мәдениетіміз бен ұлттық салт-дәстүр ұлықталатын күн. Ал 18 наурызда Ұлттық киіміміз дәріптеледі.

19 наурыз – Жаңару күні. Көпшілікке көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылады. 20 наурызда қазақтың ұлттық спорт түрлері ұлықталып, түрлі жарыс өтеді. 21 наурызда халық арасында татулық пен бірлік насихатталады.

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні. Бұл күні — күн мен түң теңеліп, жаңа жыл басталады. Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды қарсы алудың символы – Тазару күні. Бұл күні Қазақстанның барлық аймағында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жаңа кәсіптік бағдар беру жобасы іске қосылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *