Петропавлда Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері суық қару алып жүрген азаматты ұстады. Тексеру барысында азаматтың қалтасынан ұзындығы шамамен 35–40 сантиметр болатын пышақ табылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оқиға кешкі сағат 19:00 шамасында орын алған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында ефрейтор Никита Шимин бастаған әскери жасақ кинолог ефрейтор Жандос Амангельдімен бірге қаланы аралап жүрген. Сол сәтте қызметтік «Инна» атты иттің көмегімен күдікті азаматты тоқтатып, тексеру жүргізіпті.
Тексеру барысында азаматтың қалтасынан ұзындығы шамамен 35–40 сантиметр болатын пышақ табылған. Аталған дерек бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
«Әскери қызметшілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде құқық бұзушылықтың алдын алып, жағдай толық бақылауға алынды. Күдікті азамат одан әрі тексеру жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды, — деді ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Енді жалға берілетін электросамокаттарға мемлекеттік нөмір беріледі


