Қазақстанда электрсамокаттарды жалға беру қызметіне қатысты жаңа ереже енгізілді. Енді әр самокатқа мемлекеттік нөмір беріледі. Бұл талапты Ішкі істер министрлігі бекітті, деп жазады Qazaqstan Media.

Бұдан былай Қазақстанда электросамокаттарды жалға беретін компаниялар техниканың толық есебін жүргізуге міндетті болады. Оған құрылғының маркасы, моделі және шығарылған жылы, сериялық нөмірі, пайдалануға енгізу және шығару күні, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету, жөндеу және берілген тіркеу нөмірі туралы мәліметтер кіруі тиіс.

Нөмірлік белгілер бірнеше жерге орналастырылуы қажет: корпустың артқы бөлігінде дөңгелектің үстінде, сондай-ақ рөл тірегінің сол және оң жақтарында. Тіркеу белгісінде латын әріптері қолданылуы тиіс. Ал цифрлардың саны бестен аспауы керек. Мұндай нөмірлерді өзгертуге немесе оларды басқа самокаттарға қайта беруге тыйым салынады. Сонымен қатар басқа оператордың нөмірін пайдалануға болмайды.

Егер самокат пайдаланудан шығарылса, оған бекітілген нөмір оператордың базасында қалады және басқа техникаға берілмейді. Белгі зақымдалған немесе жоғалған жағдайда оны дәл сондайымен ауыстыруға рұқсат етіледі. Жаңа талаптар  2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *