10 наурызда елімізде «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Жұмыстардың барлығы онлайн форматта жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазірдің өзінде елімізде ипотекалық бағдарлама арқылы төрт мыңға жуық отбасы баспана алуға өтінім қалдырған. Бірақ, оның өзіндік шарттары бар. Жіпке тізіп айта кетсек.

«Наурыз» бағдарламасына қатысу үшін міндетті түрде «Отбасы банкінің» клиенті болу керек. Депозитте кемінде 2 млн теңге болуға тиіс. Сондай-ақ өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда өз атына тіркелген баспанасы болмауы керек. Кезекте тұрса да, тұрмаса да кез келген азамат бағдарламаға қатыса алады.

Қазір елде халықты баспанамен қамтуға бағытталған бірнеше ипотекалық бағдарлама бар. Жуырда олардың қатары тағы бір жобамен толықпақ. Осы жазда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда биыл 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *