Петропавлда полицейлер қаладағы гараждардың бірінен спирт құрамды өнімнің тікелей сатылып жатқанын анықтады. Иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тәртіп сақшылары көлемі бес литр болатын 30 пластик бөтелкені және 0,5 литрлік сегіз шыны бөтелкедегі спирт құрамды өнімді тәркіледі. Сонымен қатар гараждан 500 қорап темекі табылып, алынды. Заңсыз сатылған барлық тауарда акциздік маркалар да, тұтынушы үшін қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттар да болмаған.

Полицейлер заңсыз тауарлар иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мұндай суррогат алкогольді тұтыну құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың жасалу қаупін тікелей арттырады.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға жұмыс сапарымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *