Солтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев келді. Ол Петропавлда облыс жұртшылығымен, мәслихат депутаттарымен және этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Алқалы жиынға «Жаңа Конституция — ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбы арқау болды. Отырыс шымылдығын ашқан Мәулен Сағатханұлы теріскейдегі атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, жаңа Конституцияның маңыздылығына тоқталды.

СҚО-ға жұмыс сапарымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев келді
СҚО-ға жұмыс сапарымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев келді

«Еліміз үшін Солтүстік Қазақстан облысының орны бөлек. Бұл — тамыры терең тарихқа, тағылымы мол мәдениетке ие қастерлі мекен. Жаңа Конституцияны қабылдау арқылы ел дамуының маңызды кезеңіне аяқ басамыз. Ата заңымыз арқылы ұлттық мүдде мен жасампаз отаншылдық негіздері нығайа түспек. Бірлік пен келісімді көздейтін нақты нормалар да бар, деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Аты айтып тұрғандай шарада қабылданатын Ата заңымыз жан-жақты талқыланды, ой-пікірлер ортаға салынды. Жаңа Конституцияның басты мақсаты — әділетті мемлекет, тиімді экономика және жауапты басқару жүйесін қалыптастыру.

Алты мыңнан астам студентке тәлім беріп отырған Қозыбаев университеті қабылданатын Ата заңды қолдайды. Алда өтетін референдумға тыңғылықты дайындық үстінде. Білім ордасының басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова шара барысында университетке мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Университетте еліміздің 19 өңірінен келген жастар білім алады. Инклюзивті білімге ерекше көңіл бөлудеміз. Соңғы жылдары білім ордасында ғылым саласына бөлінетін қаржы 3 есеге артты», — деді М.Қозыбаев атындағы СҚУ басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова.

Еліміздің өткені және бүгінімен жақсы таныс Тілек Әбдірахманов 1995 жылғы Конституция өзгерістерді қажет етеді деп есептейді. Тыл ардагерінің сөзінше, қазіргі Ата заң моральдық тұрғыда ескірген.

СҚО-ға жұмыс сапарымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев келді
СҚО-ға жұмыс сапарымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев келді

«Уақыт бір орында тұрмайды. Өзгерістердің орын алуы қалыпты дүние. Жаңа Конституцияның ықпалымен елімізде оң өзгерістер орын алатынына сенемін, — деді облыстың құрметті азаматы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда кепілдігі жоқ нысандарға ипотека берілмейді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *