«Ел даусы» қорының байқаушылары саяст науқан барысын әр өңірде бақылайтын болады. Солтүстік Қазақстанда байқаушылар саны 30. Олар үшін арнайы оқыту семирнарлары ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media.
Аталмыш қоғамдық қор республика бойынша жұмыс істейді. Оның байқаушылары осыған дейінгі сайлау мен референдумдар да жұмыс істеп келген. Олар дауы беру барысын бақылап, заң бұзушылықтардың алдын алуға, саяси науқанның әділ өтуін қадағалайды.

«30 солтүстікқазақстандық «Ел даусы» қоғамының байқаушылары қатарына кіреді. Олар референдум күні учаскілердің ашылғанынан бастап, жабылуына дейін толық қадағалаулары керек. Олардың міндеті заң бұзушылыққа жол бермеу. Егерде ондай жағдайлар орын алса, бірден учаскі төрағасына хабарлап, акт толтырылады. Заң бұзушылық жойылуы керек. Оқыту семинарында біз байқаушыларға өз міндеттері мен құқықтарын толық түсінідіріп береміз»,-дейді «Ел даусы» ҚҚ СҚО бойынша төрағасы Жанат Мұхамеджанов.
Референдум барысында өзге үшін дауыс беру, дауыс беру кабинасына бірнеше адамның кіруі немесе бірнеше бюллетенді бірден салу сынды бұзушылықтар болуы ықтимал. Осылардың барлығын «Ел даусы» ҚҚ байқаушылары қадағалайтын болады. Қазіргі кезде солтүстікқазақстандық байқаушылар саяси науқанға әзірміз, дейді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да алдағы күндері тағы аяз бен боран болады


