Күнтізбе бойынша көктем келгенімен, Солтүстік Қазақстанда күн әлі де жылынар емес. Наурыздың 10 мен 13 аралығында өңірде аяз көтеріліп, боран соғады, деп жазады Qazaqstan Media.
Синоптиктердің болжамы бойынша, наурызда барлық аудандарда қар, боран және көктайғақ болады деп күтілуде. Кей жерлерде жеті миллиметрге дейін қар түседі. Оған қоса, қалың тұман болады деген де болжам бар. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетіп, жолдарда бұрқасын туғызады.
«Түнгі уақытта ауа температурасы -25…-30 градусқа дейін төмендейді. Ал, Жамбыл, Есіл, Шал ақын, Тимирязево және Қызылжар, Аққайың, Мамлют, М.Жұмабаев аудандарында аяз күшейіп, термометр көрсеткіші -33 градусты көрсетеді. Күндіз -15… кей жерлерде -23 градус суық болады», — деді «Қазгидромет» СҚОФ мамандары.
11 наурызда да қар мен бұрқасын болады. Күндіз -7 градус болғанымен, түнде -27…-30 градус суық болады.
12 наурызда өңірдің басым бөлігінде қар мен боран сақталады. Кей аудандарда тұман күтілуде. Күн сәл жылынып, термометр көрсеткіштері түнде -15ке дейін, күндіз -2 көрсететін болады.
13 наурызда түнде қар жаууы ықтимал. Әсіресе Уәлиханов ауданына көп түседі, деп болжанып отыр. Екпінді жел сақталады. Осыған қарамастан ауа температурасы жоғарылайды. Түнде -15 болса, күндіз 0 градус болады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да республикалық маңызы бар автожол жабылды


