Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы келді. Ол қызметке ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Беспаев Әлішер Жанатұлы тағайындалды, деп жазады Qazaqstan Media.
Әлішер Беспаев Алматы қаласының тумасы. Ол Астана университетін және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы «NES Company» серіктестігінде сарапшы-энергетик ретінде бастаған. Әр жылдары ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде бас сарапшы, кейін басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
Осы тағайындауға дейін Әлішер Жанатұлы аталған комитеттің сумен жабдықтау және су бұру басқармасын басқарған.
Тағы оқыңыз: Петропавлда алкогольге қатысты заң жиі бұзылатыны анықталды

