Петропавлда криминогендік ахуалды тұрақтандыруға бағытталған ауқымды рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Оның барысында ойын-сауық мекемелері, құқық бұзушылық жиі тіркелетін мекенжайлар және профилактикалық есепте тұрған азаматтар ерекше бақылауға алынды. Рейд қорытындысы бойынша 68 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 28-і, яғни жартысына жуығы алкогольге қатысты заңнама талаптарын бұзуға байланысты, деп жазады Qazaqstan Media.

Мәселен сот шешімімен спирттік ішімдік ішуге тыйым салынған 15 азаматтың төртеуі мас күйінде ұсталды. Сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған екі қала тұрғын да алкоголь ішкен.  Аталған санаттағы азаматтарға ішімдік тұтынуға заң жүзінде тыйым салынған. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Бұдан бөлек, алкоголь өнімін сатуға лицензиясы бар дүкендердің бірінде 21 жасқа толмаған азаматқа сыра сатылғаны анықталды. Бұл дерек бойынша айыппұл салу және лицензияның қолданылуын уақытша тоқтату мәселесі қарастырылуда. Қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 21 дерек тіркелді. Проблемалық мекенжайларды тексеру барысында екі отбасылық жанжал фактісі анықталды.

«Алкогольге байланысты құқық бұзушылықтар өңірдегі криминогендік ахуалға елеулі ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып отыр. Заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту мақсатында мұндай рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады»- деді Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда оқушылардың мектепте телефон пайдалануына толық тыйым салынбақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *