Қазақстанда оқушылардың мектепте телефон пайдалануына толық тыйым салынбақ. Тиісті түзету ұстаз мәртебесі мен білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасында қарастырылған, деп жазады Qazaqstan Media.
Мәжіліс депутаттары «Білім туралы» заңға мектеп оқушыларына смартфон пайдалануға толық тыйым салуды көздейтін өзгеріс енгізу жоспарланған. Депутаттар 47-бапты өзгертуді ұсынды.
«Орта білім беру ұйымдарында оқу процесі барысында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын пайдалануына жол берілмейді, тек қысқамерзімді оқу жоспарларында оқу мақсатында көзделген жағдайларды қоспағанда», – делінген заңда.
Депутаттардың айтуынша, телефондарды тек сабақ кезінде ғана емес, үзіліс кезінде де пайдалануға тыйым салу кибербуллинг пен деструктивті контентке қатысты қауіп-қатерді азайтуға, сондай-ақ мектептердегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Тағы оқыңыз: Жаңа Конституция жобасын болашақ дәрігерлер қолдайды

