Тәуелсіздік — біздің басты байлығымыз. Қоғам белсендісі Гүлбақша Мұсабаева осындай пікірде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы. Қоғам белсендісі Гүлбақша Мұсабаева осылай деп есептейді.

«Конституция жаңа 3-бап енгізілді. Онда Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары: Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау болып бекітілген. Бұл шешім билік пен халық арасындағы қарым-қатынасты нығайтайтыны сөзсіз», — деді спикер.

Жаңа баптың нәтижесінде отансүйгіш жастар тәрбиелей аламыз. Халық та өзін қауіпсіз сезінеді. Гүлбақша Мұсабаева енгізілетін өзгерістерді қолдайды. Тұрғындарды жалпыұлттық референдумға біркісідей қатысуға шақырады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көпқабатты үйлерді ресми басқаратын компания жоқ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *