Петропавл қаласындағы 3-я Линия көшесінде төрт пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел түрде жетті. Өрт қысқа мерзімде толықтай сөндірілді. Сөндіру барысында құтқарушылар үйден газ баллонын шығарып, ықтимал ауыр зардаптардың алдын алды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
«Алдын ала болжам бойынша, өрт пешті пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтамау салдарынан болған. Құтқарушылар жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Ерлан Саиров: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды

