Айыртау ауданында 9-шы ақпан күні мешіттен от шықты.  Казанка ауылында орналасқан діни ғимараттағы от туралы ақпарат құтқарушыларға  20 сағат 47 минутта келіп түскен. Өрт сөндірушілер Саумалкөлден Казанкаға шамамен 40 минут ішінде жеткен. Мамандардың жылдам жетуіне көктайғақ кедергі болған екен, деп жазады Qazaqstan Media.

Өрт мешіттің намазхана бөлігінде шыққан. Мамандар жеткен кезде мешіт толықтай отқа оранған екен. Төбесі опырылып түскен. Оқиға орнында Казанка  ауылының өрт сөндіру пунктінің қызметкерлері және «Достық элеваторы» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі мамандары тілсіз жаумен күресіп жатқан.

«Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. От пешті дұрыс пайдаланбағаннан шыққан. Өртті сөндіруге 18 маман, 6 техника жұмылдырылды»,-деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Беларусь бизнесі Солтүстікке жаңа жобалар ұсынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *