Солтүстік Қазақстан облысында аяздың беті қайтқанымен, алдағы күндері сырғыма мен тұман болады деп күтілуде. Сондай-ақ аяз да қайта күшейеді, деп жазады Qazaqstan Media.
Синоптиктердің алдағы үш күнге жасаған болжамына сәйкес, өңірде тұман түсіп, сырғыма жүреді. Әрі аяз да күшейеді.
20 қаңтар күні түнде ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеп, күндіз -17 градус шамасында болады. Жел шығыстан соғып, жылдамдығы 9-17 м/с-қа жетеді.
21 қаңтарда облысқа суық антициклон әсер етеді. Түнде термометр бағаны -30 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.
22 қаңтарда аяз күшейе түседі. Түнде ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеп, кей аудандарда -38 градусқа дейін жетуі мүмкін. Күндіз 25-30 градус аяз болады деп болжануда.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімінің орынбасары тұрғындарға әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады

