Ауылдық жердегі алғашқы ІТ-орталық Есіл ауданында ашылды. Нысан толықтай заманауи технологиялармен жабдықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Орталық ашылған Николаевка ауылында мыңнан астам адам тұрады. Олардың шамамен 300-і — жас. Тұрғындар енді ақпараттық кеңістікке және заманауи технологиялар әлеміне тікелей қол жеткізе алады.

Орталық заманауи, қуатты компьютерлермен жабдықталған, VR-платформа бар. Сонымен қатар, 3D-принтерлер де орнатылған. Бір сөзбен айтқанда білім алып, дамуға барлық жағдай жасалған.

Орталық «Kobesh R&C AI» деп аталады. Бұл атаудың тарихы тереңде жатыр. Жергілікті халық Николаевканы ертеден «Көбеш» деп атап келген.

Орталықтың басты миссиясы – Николаевка ауылдық округі мен көршілес аумақ тұрғындарының мәдени, білім беру және технологиялық дамуы үшін тұрақты алаң құру. Мұнда цифрлық сауаттылық, бағдарламалау негіздері және агродрондармен практикалық жұмыс бойынша сабақтар өткізіледі. Жақын арада желі кеңейіп, ауданда тағы екі креативті орталық ашылады деп күтілуде.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қолданылған Жаңа жылдық шыршалар жануарларға азық ретінде беріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *