Назарбаев Зияткерлік мектебінде автотұрақ жоқ. Бұл мәселе Петропавл қаласының әкімінің тұрғындармен кездесуінде көтерілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде автұрақ атымен жоқ. Осының салдарынан аталған төңіректе үнемі кептеліс орын алып жатады. Бұл балаларға да қауіп төндіруі мүмкін. Өзекті мәселені білім ұясының баспасөз хатшысы Гүлмира Шоқтыбаева қала әкімінің тұрғындармен кездесуінде көтерді.

«Мектеп 700 бала оқиды. Оның 600-і үйден қатынайды. Көбін ата-аналары әкеп тастайды. Осының салдарынан түскі және кешкі уақытта кептеліс орын алады. Осы мәселені шешуге қолдау көрсетсеңіз», — деді ол.
Мектеп ұжымы автотұрақты қай төңірекке жасау керектігін ойластырып қойған. Тек қала әкімдігінің қолдауы қажет.
«Бұл мәселемен жақсы таныспын. Жобалық-құжаттама істеп жатырмыз. Мүмкіндігіміз болса міндетті түрде көмектесеміз», — деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жол апатына түскен ер адам ауыр халде жатыр

