Жас буын мамандық таңдаудан қателеспеуі қажет. Петропавлда алғаш «Мамандықтар әлемі» атты кең ауқымды кәсіби бағдар беру сессиясы ұйымдастырылды. Оны «Сенімен болашақ» РҚБ және білім басқармасы өткізді, деп жазады Qazaqstan Media.

Мұнда жүздеген оқушы өмірлік жолын айқындайтын маңызды ақпаратқа қанығып, еңбек нарығындағы өзгеріс пен мүмкіндікке тереңінен үңілуге мүмкіндік алды. Дұрыс таңдау — болашаққа жасалған дұрыс әрі нық қадам болып саналады.

Петропавлда алғаш рет ауқымды кәсіби бағдар беру сессиясы ұйымдастырылды
Петропавлда алғаш рет ауқымды кәсіби бағдар беру сессиясы ұйымдастырылды

«Мемлекет басшысы осы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған еді. Облысымызда арнайы жол картасы құрастырылды. Жоба аясында 70 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру — басты міндет», — деді СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова.

Бұл шаралар жастарды білім алуға, еңбек етуге шақырады. Әр адамның бойында қабілет болады. Соған сәйкес мамандық таңдаған жөн. Сессияға облыстың жетекші білім беру ұйымдары мен кәсіпорын өкілдері қатысып, өз мүмкіндіктерін айтты. Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі 6 арнайы бағыт бойынша ақпарат ұсынды.

«Өзіміздің білім ордамызды арнайы 6 мамандық бойынша таныстырып отырмыз. Олар: «Емдеу ісі», «Мергер ісі», «Фармация», «Зертханалық диагностика» және «Стоматология». Бүгінгі таңда бізде симуляциялық орталықтар бар. Оқушыларымыз әртүрлі клиникалық жағдайда білім алады», — деді колледждің кәсіби бағдар берушісі Айсұлу Сайлаубекқызы.

Ұйымдастырылған шара — ашық диалог алаңы. Бұл жерде бір-бірімен күнде қауышпайтын тараптар жақынырақ таныса алды. Болашақта игеруі мүмкін мамандардың киімдерін киді, құралдарын ұстап көрді.

Ақпараттық шара қаламыздағы мектептерде оқитын барлық жоғары сынып оқушыларын қамтыды. Әр шәкірт қатысушы атану үшін олар екі лекпен Оқушылар сарайына келіп, мамандармен қауышты.
Сонымен қатар, студенттерді жұмысқа тарту үшін қаламыздың кейбір кәсіпорындары да қатысты. Олар үшін арнайы уақыт бөлінді.

Тағы оқыңыз: Forbes тізіміне енген ресейлік экс-депутатқа Петропавлда іздеу жарияланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *