Петропавл 2024 жылғы жойқын су тасқынынан кейін бір жарым жылдан бері төтенше жағдай режимінде өмір сүріп келеді. Қайталанатын су басу қатерін болдырмау үшін жергілікті билік бөгеттер салып, айналма арнаны қайта жаңғыртып, Заречный ықшам ауданының тұрғындарын көшіруге дайындалуда. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Биыл наурыздың соңында өңірде су тасқыны маусымы басталды. Биыл тасқынның үш толқыны орын алды. Петропавл су қоймасындағы су деңгейі 1175 см көрсеткішіне дейін көтеріліп, сындарлы межеге жетті.
«Қабылданып, дер кезінде атқарылған шаралардың – бөгеттерді салу мен нығайтудың арқасында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басу қаупінің алдын алдық», — деді қала әкімі.
Бұл аумақта дамба тұрғызу үшін 300 мың м³ топырақ жеткізілді. Жиектері күшейтіліп, бөгеттің ішкі бөлігі топырақпен нығыздалды, темірбетон плиталар төселді.
Ущев көшесіндегі бөгет
Мұнда 106 мың м³ топырақ әкелінді. Дамба бойындағы бұталар түбімен жойылып, негізгі бөлігі жобалық деңгейге жеткізілді. Темірбетон плиталар төселіп, монолитті учаске құйылды.
2024 жылы аяқталған нысандар
Өткен жылы билік су тасқынына қарсы екі объектіні аяқтады:
– 0,8 км бөгет,
– Заречныйдағы қорғаныс нысандары.
Айналма арна реконструкциясы
2025 жылы Заречный ауылындағы айналма арна толық реконструкциядан өтті. Оның ұзындығы 4 250 метрді құрайды. Соның 3 мың метрі – бұрынғы арнаны тазарту және тереңдету, қалған бөлігі – жаңа арна қазу жұмыстары. Бұл жерде үш су өткізу құрылысы орнатылды.
Инженерлік инфрақұрылымды күшейту
«Су тартудың сенімділігін арттыру үшін бірінші көтерілімдегі сорғы станциясын реконструкцияладық. Бөгеттерді нығайту жұмыстары толық аяқталды. Қазір Ойқала ықшам ауданында ішкі беткейлерді абаттандырып, 0,8 км жердегі топырақ жабындысын қосымша күшейтіп жатырмыз. Былғары зауыт маңында бетон плиталары арасындағы жіктерді қалыпқа келтірудеміз. Барлық нысандар 2026 жылдың көктеміне дейін дайын болады», — деді Серік Мұхамедиев.
Апатты үйлер орнына – ауқымды абаттандыру
Ойқала мен Былғары зауыт аудандарындағы апатты үйлер сүрілген аумақтарда кең көлемді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдіктері, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және кәсіпкерлердің қолдауымен 72 гектар жерде 74 сквер жасалды.
Мұнда:
– 2 мыңнан астам ағаш егілді,
– орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылып, жарықтандыру жүргізілді,
– балалар және спорт алаңдары салынды,
– футбол алаңдары ашылды,
– демалыс аймақтары салынып жатыр.
Ойқалада «Қазақстан халқына» қоры футболмен айналысуға арналған екі заманауи нысан салуда.
Заречный тұрғындарын көшіру
Жыл соңына дейін Заречный ауылының тұрғындарын толық көшіру жоспарланып отыр. Қазір олар үшін Жас Өркен және Орталық ықшамаудандарында көпқабатты үйлер салынуда. 162 пәтер беру көзделген.
«Бұл шаралардың арқасында жыл сайын қайталанатын су басу қаупін түбегейлі жоямыз», — деді қала әкімі.
Жұмыстарды «Зерттеу» ЖШС және «Альфа-Север» ЖШС орындауда.
Тағы оқыңыз: Тайынша ауданына биыл 39 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған

